Биыл 10 наурызда Қазақстандық гандбол спорт федерацияларының қауымдастығы жоспарлы түрде жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері үшін аттестация өткізеді. Іс-шара Қауымдастықтың жаттықтырушы-әдістемелік комиссиясының қызметі аясында онлайн форматта ұйымдастырылады.
Аттестация Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №100 бұйрығына сәйкес өткізіледі, ол физикалық мәдениет және спорт саласындағы мамандарды аттестаттаудың тәртібін белгілейді.
Аттестацияға қатысу үшін үміткерлер 2026 жылдың 6 наурызына дейін headoffice@kz-handball.kz электрондық поштасына толық құжаттар топтамасын жіберуі қажет. Оған өтініш, жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білім туралы диплом, жұмыс орнынан анықтама, басшының ұсыным-характеристикасы, сондай-ақ біліктілігі мен спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар кіреді. Сонымен қатар 3×4 форматтағы фотосурет пен 5000 теңге көлеміндегі тіркеу жарнасын төлегені туралы түбіртек қажет.
Аттестация сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Қауымдастықтың заңды мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 29/1.
Айта кету керек, аталған аттестация Қазақ стандағы гандбол спортының кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған.


