Әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан төртінші орын алды

Қытайда Токио Олимпиадасына іріктеу саналатын әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы турнирді төртінші орынмен аяқтады. Бұл біздің спортшыларға 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жалғыз жолдаманы жеңіп алуға мүмкіндік бермеді.

Жолдама Азия чемпионатының жеңімпаздарына берілді. Оны Оңтүстік Корея құрамасы иеленді. Екінші орынды Қытай, ал үшінші орынды Солтүстік Корея алды.

Келесі жазба
Нұр-Сұлтанда әйелдер командалары арасында гандболдан ҚРЧ бірінші туры аяқталды
Алдыңғы жазба
Қазақстан Азия чемпионатында Қытайға есе жіберді