Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Қытайдан жеңісті жұлып алды.

Жапонияда әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Топтық кезеңде барлық матчта жеңіліс тапқан қазақстандық гандболшылар жігерлік танытып, жақсы нәтиже көрсетті.

21-24 орындарды сарапқа салу кезеңінде Қазақстан Қытай құрамасымен кездесіп, 29:23 есебімен жеңіске жетті.

Келесі жазба
Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Кубаға жол берді.
Алдыңғы жазба
Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Сенегалға жол берді.