Иордания әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионатын өткізуді жалғастыруда. Қазақстан құрамасы турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Біздің спортшылар Гонконгты екі доп айырмашылығымен жеңе алды. Кездесудің қорытынды есебі 31:29 болды.
Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл екі ойындағы екінші жеңіс болды. Бұған дейін Сингапурды жеңген болатын.