ЧА-2019 бойынша гандбол: Қазақстан құрамасының кезекті жеңісі

Үндістанның Джайпур қаласында 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы сегізінші Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық гандболшы қыздар құрлықтық біріншілік аясында тағы бір жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Чемпионат иелері – Үндістан командасына қарсы өткен матчта біздің қыздар тамаша ойын көрсетіп, қарсыластарын сенімді жеңді. Кездесу 40 – 30 есебімен Қазақстан гандболшыларының пайдасына аяқталды.

Бүгін, 26 тамызда, біздің қыздар Моңғолия құрамасымен кездеседі.

Келесі жазба
Гандбол бойынша Азия чемпионаты: Қазақстандық гандболшы қыздар жартылай финалда жеңіліс тапты
Алдыңғы жазба
Қазақстандық гандболшы қыздар U-18 Азия чемпионатында жеңіске жетті