Қазақстанның әйелдер гандбол командасы Азия чемпионатында төртінші орын алды

Үндістанның Джайпур қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін матч өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Құрлықтық турнирдің осы кезеңінде Қазақстан мен Жапония құрамалары кездесті.

Ойын 21:41 есебімен қарсыластардың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, біздің команда турнирді төртінші орынмен аяқтады.

Келесі жазба
Қазақстан гандболдан іріктеу турнирін жеңіспен бастады
Алдыңғы жазба
Гандбол бойынша Азия чемпионаты: Қазақстандық гандболшы қыздар жартылай финалда жеңіліс тапты