Испанияда әйелдер арасындағы гандболдан 2021 жылғы әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық спортшылар турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың үшінші кездесуінде қазақстандықтар ирандық қарсыластармен кездесті. Кездесу 31:25 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды.