Қазақстандық гандболшылар жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазір Алматыда гандболдан жасөспірімдер арасындағы 16-шы Азия чемпионаты өтуде. Қазақстандық спортшылар құрлық біріншілігінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнир 7 наурызда басталды.Алғашқы кездесуде қазақ қыздары Тайландтан келген қарсыластарын 28-20 есебімен жеңді.

Екінші ойында қазақстандықтар ирандық қарсыластармен ойнады. Кездесу 30 – 24 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.Келесі кездесуде қазақстандық гандболшылар Үндістаннан келген қарсыластармен кездеседі.

Турнир 14 наурызға дейін жалғасады.Айта кетейік, бұл чемпионат 2022 жылы Словенияда өтетін жасөспірімдер арасындағы гандболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі болып табылады.

Келесі жазба
Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтау
Алдыңғы жазба
Қазақстан гандбол командасы 2021 жылғы әлем чемпионатында Пуэрто-Рикодан жеңілді