Қазақстандық гандболшы қыздар U-18 Азия чемпионатында жеңіске жетті

Үндістанның Джайпур қаласында осы күндері 18 жасқа дейінгі қыздар арасында гандболдан Азия чемпионаты өтуде. Olympic.kz мәліметінше, екінші матчта қазақстандық гандболшылар қарсыластарынан басым түсті.

Құрлықтық біріншіліктің үшінші жарыс күнінде біздің қыздар Непал құрамасымен кездесті. Матч Қазақстан құрамасының айқын жеңісімен 46-15 есебімен аяқталды.

Ертең, 25 тамызда, біздің команда Үндістан құрамасымен кездеседі.

Келесі жазба
ЧА-2019 бойынша гандбол: Қазақстан құрамасының кезекті жеңісі
Алдыңғы жазба
Қазақстандық гандболшы қыздар 2019 жылғы Азия чемпионатының алғашқы матчында жеңіліс тапты