Қазақстан гандболдан іріктеу турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның әйелдер гандбол құрамасы Қытайда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Біздің спортшылар Гонконг командасына қарсы ойнады. Матч қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 30:16 есебімен жеңіске жетті.

Ертең, 24 қыркүйекте, Қазақстан Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Турнир 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

Келесі жазба
Қазақстанның әйелдер гандбол командасы Қытайдағы іріктеу турнирінде екінші матчін өткізді
Алдыңғы жазба
Қазақстанның әйелдер гандбол командасы Азия чемпионатында төртінші орын алды