Қазақстан гандболдан Азия чемпионатындағы алғашқы ойында жеңіске жетті

Бүгін, 15 қыркүйекте Иорданияда әйелдер арасында гандболдан Азия чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сингапур құрамасы біздің спортшылармен ойнады. Қорытынды есеп 33:18 қазақстандық гандболшылардың пайдасына шешілді.

Қазақстандықтар келесі кездесуін ертең Гонконгқа қарсы өткізеді.

Келесі жазба
Екі доп айырмашылығы: Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында екінші ойында жеңіске жетті
Алдыңғы жазба
Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы кіммен ойнайды?