Иорданияда әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан бұл турнирде үш кездесу өткізіп үлгерді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Олардың әрқайсысы жеңіспен аяқталды. Топтық кезеңдегі үшінші ойында біздің спортшылар Өзбекстанмен кездесті.
Бұл текетірес 31:28 есебімен аяқталды. Табыс Қазақстан құрамасына қосымша көрсеткіштер бойынша корейлерден кейін «А» тобында екінші орынды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Бұл ретте біздің құрама да, Оңтүстік Корея да бірде-бір жеңіліс көрмеген, алты ұпайдан.
Айта кетейік, келесі кездесуде топ басшылары бетпе-бет кездеседі.