VI Қазақстан Республикасы жастар арасындағы ерлер командалары арасындағы спорттық ойындар

2025 жылғы 10–17 маусым аралығында Павлодар қаласында гандболдан ерлер командалары арасындағы VI Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары өтеді.
Жарысқа еліміздің келесі өңірлері мен қалаларынан жастар құрамалары қатысады:
• Астана қаласы
• Алматы қаласы
• Шымкент қаласы
• Алматы облысы
• Түркістан облысы
• Павлодар облысы
• Қарағанды облысы
Жарыстың мақсаты – жастар арасында гандбол спортын дамыту және танымал ету, болашағы зор спортшыларды анықтау, спорттық дайындық деңгейін арттыру және өңірлер арасындағы достық байланыстарды нығайту.
Жарыстың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан гандбол спорт федерациялары қауымдастығы және Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен.
Барша спорт сүйер қауымды жарыс матчтарына келіп, жастар командаларын қолдауға және спорттық күрестің жарқын сәттеріне куә болуға шақырамыз.
Өтетін орны: «Автомобилист» спорт кешені, Камзин көшесі, 39/1.

Алдыңғы жазба
Әйелдер командалары арасындағы гандболдан Қазақстан Республикасы Супер лигасының XXXIII чемпионатының 1-турының қорытындылары