Құттықтау! 2026 жылғы Әлем чемпионатына жол ашық!

Құрметті өңірлік спорт басқармаларының басшылары, облыстық гандбол федерацияларының өкілдері, жаттықтырушылар, ата-аналар және жасөспірімдер құрамасының дамуына күш пен жанын салған барлық жанашыр қауым!
Сіздерді 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 11-Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл үлкен жетістік — Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласының спорт басқармаларының кәсіби әрі үйлесімді жұмысының, сондай-ақ өңірлік гандбол федерацияларының қолдауының нәтижесі.
Спортшыларды халықаралық аренаға сапалы дайындаған жеке жаттықтырушыларға айрықша алғысымды білдіремін. Сіздің еңбегіңіз, сабырлылығыңыз және педагогикалық шеберлігіңіз – осы жетістіктің негізі.
Сондай-ақ, жас спортшылардың ата-аналарына зор ризашылығымды білдіремін. Сіздердің сенімдеріңіз, қолдауларыңыз және қызыңыздың спорттағы өміріне белсенді қатысулары — бұл істе баға жетпес үлес.
Оқу-жаттығу жиындарын және Цзинганшань қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) Азия чемпионатына сапарды ұйымдастыру мен қаржыландыруға атсалысқан барша жандарға ерекше алғысымды білдіремін.
Алда — жаңа белестер мен жарқын жетістіктер!
Ізгі тілекпен,
Гульнара Исмагұлқызы
Қазақстан гандбол спорт федерациялары қауымдастығының президенті

Келесі жазба
Жеңісті еңбегімен еселей білген ойыншы
Алдыңғы жазба
Қазақстан әйелдер құрамасының жалпы дене дайындығына арналған оқу-жаттығу жиыны сәтті аяқталды