Тәуелсіздік күнімен құттықтау

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан гандбол федерациясы атынан және өз атымнан сіздерді еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

16 желтоқсан – бұл бостандықтың, ұлттық бірліктің және халқымыздың ұлылығының символы. Осы күні біз өз еңбегімен, табандылығымен және болашаққа деген сенімімен Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған азаматтарды еске аламыз. Олардың жанқиярлық еңбегінің арқасында бүгінде біз мықты, еркін және гүлденген елде өмір сүрудеміз.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан саясатта, экономикада, мәдениетте және спортта зор жетістіктерге жетті. Біздің спортшыларымыз халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жастарды жаңа жеңістерге шабыттандыруда. Біз осы үлкен және даңқты жолдың бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз.

Бұл күн әрбіріміздің жүрегімізді Отанымызға деген мақтаныш сезімімен, жаңа жетістіктерге деген жігермен және жарқын болашаққа деген сеніммен толтырсын! Баршаңызға бейбітшілік, амандық, зор денсаулық және өркендеу тілеймін!

Құрметпен,
Қазақстан гандбол федерациясының президенті
Турлыханова Гүлнара Исмағұлқызы

Келесі жазба
Қазақстан Республикасы Гандбол федерациясының президентінің халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Алдыңғы жазба
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында үшінші орын алды