Шымкентте жастар арасында гандболдан V жасөспірімдер спартакиадасы аяқталды. Olympic.kz республикалық турнирдің қорытындысын ұсынады.
Ойындар 2 шілдеде басталып, 10 шілдеге дейін жалғасты.Жарыс қорытындысы бойынша шымкенттік команда бірінші орынды иеленді. Қарағанды облысының командасы екінші орынды иеленсе, үздік үштікті Нұр-Сұлтан командасы түйіндеді.