Қазақстанның гандбол спорт федерацияларының қауымдастығы сіздерді Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтайды. Бұл күн — тәуелсіздігіміздің мәңгілік құндылығын, елдік рухымызды және ұлт бірлігін айқындайтын ұлы мереке. Әрбір жарыс алаңына шыққанда біздің спортшыларымыз халқымыздың абыройын қорғап, көк туымызды биікке көтеруге ұмтылуда.
Сондай-ақ, сіздерге Қазақстанның гандбол құрама командаларының арнайы құттықтауларын жолдаймыз.
Олардың әр сөзі — Отанға деген сүйіспеншілік, көк байраққа адалдық және жеңіске деген сенімнің нышаны.
🎥 Құттықтау видеосы: видео сілтемесі
Еліміз аман, іргеміз берік, болашағымыз жарқын болсын!
Мереке құтты болсын! Алға, Қазақстан! 🇰🇿

