ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум

Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Арман Ташметов пен Қазақстан Гандбол спорт федерациялары қауымдастығының президенті Гүлнара Түрлыханова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат бірлескен жарыстар мен турнирлерді ұйымдастыруды, ақпараттық қолдауды және өңірлік кезеңдер регламенттерін әзірлеуді көздейді.

Айта кетейік, гандбол – Ұлттық мектеп лигасының 10 спорт түрінің бірі. Қазіргі таңда Талдықорғанда 9–11 сынып оқушылары арасында финалдық кезең өтуде. Алда — Астанада 7–8 сыныптар және Алматыда 5–6 сыныптар арасында жарыстар өтеді.

Келесі жазба
Құрылтайшылардың жалпы жиналысы
Алдыңғы жазба
Қазақстан ҰОК Атқарушы комитетінің жаңа құрамы сайланды