Павлодар облысының ерлер құрамасын Қазақстан Республикасының VI Жастар спорттық ойындарындағы жеңісімен құттықтаймыз!

Қазақстандық гандбол спорт федерацияларының қауымдастығы Павлодар облыстық гандбол федерациясының президенті Ефимов Сергей Ивановичті және Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Имашев Азамат Болатұлын ерлер құрамасының Қазақстан Республикасының VI Жастар спорттық ойындарындағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтайды!
Сондай-ақ жарыстардын жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны, кәсібилік, қонақжайлық және жастар спортын дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Мұндай турнирлердегі жеңіс — спортшылардың, жаттықтырушылардың, басшылық пен еріктілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Сіздің жетекшілігіңізбен Павлодар облысындағы гандбол одан әрі қарқынды дамитынына сенімдіміз.
Отандық спорттың игілігі үшін табысты ынтымақтастық пен бірлескен жетістіктер жалғасады деп үміттенеміз!
Құрметпен,
Қауымдастық Президенті
Турлыханова Гульнар Исмагуловна
Атқарушы директор
Чикенов Елдос Нурланович

Келесі жазба
ХХХІІІ ҚРЧ ойындарының кестесі
Алдыңғы жазба
Қосымша аттестация өткізу туралы хабарлама