Азия чемпионатының үшінші ойын күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасынан Көпжан Бану үздік ойыншы деп танылды.
Бану алаңда ерекше белсенділік танытып, шабуылда да, қорғаныста да сенімді ойын көрсетті.
Оның шеберлігі мен жанкештілігі команда жеңісіне зор үлес қосты.
Құттықтаймыз және алдағы ойындарда тек сәттілік тілейміз.