Нұр-Сұлтан қаласында әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының гандбол чемпионатының I туры аяқталды. Olympic.kz сіздердің назарларыңызға жарыс нәтижелерін ұсынады.
Бірінші орынды “Астана” клубы иеленді. Турдың “күмісін” Қызылорда клубы жеңіп алды. Үздік үштікті Шымкент қаласының клубы қорытындылады. Төртінші, бесінші және алтыншы орындарға сәйкесінше Алматы, Шығыс Қазақстан облысы және Түркістан облысының клубтары жайғасты.