Қазақстандық гандболшы қыздар Алматыда оқу-жаттығу жиындарын бастады. Әйелдер құрамасының бас бапкері Марина Пикалованың айтуынша, спортшылар 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған Азия чемпионатына дайындалуда.
“ОЖЖ қалыпты жұмыс режимінде өтуде. Біз жиынға 15 спортшыны шақырдық. Біздің спорттың ерекшелігі мен толыққанды жаттығу процесінің ұзақ уақыт болмауына байланысты қыздардың дайындықтарында кейбір олқылықтар бар: бір жерде физикалық дайындық жеткіліксіз, ал бір жерде тактикалық сәттерге назар аудармай жатамыз. Бірақ қазір біз осының орнын толтырып, қыздармен қарқынды жаттығу жүргізіп жатырмыз.
Бапкерлік штаб пен команда 100 пайыз жұмыс істеп жатыр, сондықтан бұл оқу-жаттығу жиынынан барынша нәтиже аламыз деп сенеміз. Біз бар күшімізді салып, жақсы дайындалып, оң динамикаға қол жеткізуге тырысамыз. Әрине, 36 күндік оқу-жаттығу жиынында болу оңай емес, бірақ жағдай сондай, біз оған дайынбыз.
Біздің жоспарларымыз өте ауқымды (күлді). Алда бізді 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған Азия чемпионаты күтіп тұр, және әзірге мерзімінің өзгеруі туралы ешқандай әңгіме жоқ. Сондықтан біз құрлық біріншілігіне белсенді дайындалып жатырмыз.
Сонымен қатар, пандемияға байланысты Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі 2020 жылдың наурызынан 2021 жылдың наурызына ауыстырылды, сондықтан бізді ең маңызды жарыстар күтіп тұр. Сол кезде біз барынша дайын болуға ниеттіміз” – деп бөлісті бас бапкер.