Кумамотода әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіндегі екінші жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Olympic.kz.
С тобының екінші матчында қазақстандық спортшылар Черногория құрамасына жол берді. Кездесу 21:30 (11:13) есебімен аяқталды.
Келесі ойында Қазақстан құрамасы Румыния командасымен кездеседі. Матч елорда уақытымен 16:00-де басталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Венгриядан 15:39 есебімен жеңілген болатын.