Азия гандбол федерациясы әйелдер арасындағы Азияның іріктеу чемпионатының кезекті ауыстырылғанын растады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Құрлық біріншілігі 2021 жылы Испанияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болмақ.
Турнир өткен жылы өтуі керек еді. Алайда ол 2021 жылдың сәуіріне ауыстырылды. Енді жарысты 21-30 тамыз аралығында өткізу жоспарлануда.