Әйелдер арасындағы гандболдан Азияның іріктеу чемпионаты 2021 жылға ауыстырылды.

Азия гандбол федерациясы әйелдер арасындағы Азияның іріктеу чемпионатын 2021 жылға ауыстырғанын растады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Құрлық біріншілігі 2021 жылы Испанияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болмақ.

Қазіргі таңда Азия чемпионатының 2021 жылдың сәуір айында өтетіні белгілі. Нақты мерзімі кейінірек жарияланады.

Келесі жазба
Қазақстандық гандболшы қыздар Алматыда дайындық жүргізуде
Алдыңғы жазба
Марина Пикалова: Жаттықтырушылар штабы мен команда 100 пайыз жұмыс істеп жатыр