Гандболдан төрешілерге арналған республикалық семинар өтті

2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан гандбол спорт федерациялары қауымдастығының ұйымдастыруымен төрешілерге арналған республикалық семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру және қазіргі заманғы ойын ережелерін терең меңгеру.

Семинарды халықаралық санаттағы төреші Осипов Юрий Владимирович және төрешілер-техникалық комитетінің жетекшісі Дарибаев Ерлан Колдасбаевич өткізді. Мамандар қатысушыларды Халықаралық гандбол федерациясының (IHF) жаңартылған ережелерімен таныстырып, төрешілік тәжірибедегі өзекті мәселелерді түсіндірді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға атаулы куәліктер табысталатын болады.
Семинардан өткендердің толық тізімі: Қарау / Жүктеу

Келесі жазба
Басымдық нәтижеге беріледі: елімізде жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді
Алдыңғы жазба
Аттестатталған төрешілер мен жаттықтырушылар тізімі