Жапонияда әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионаты жалғасуда. Топтық кезеңдегі матчта Қазақстан құрамасы кезекті жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін, 6 желтоқсанда өткен кездесуде қазақстандық спортшылар Сенегал құрамасына қарсы ойнады. Матч 10 доп айырмасымен аяқталып, есеп 20:30 болды.
Осылайша, бұл жеңіліс Қазақстан үшін бесінші болып тіркелді. Құрама бірде-бір ұпай жинай алмай, С тобының турнир кестесінде соңғы орынға тұрақтады. Ал Испания 10 ұпаймен топ көшін бастап тұр.