Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
21-24 орындар үшін өткен матчта қазақстандық гандболшылар Куба құрамасына жол берді. Кездесу пенальти сериясына ұласып, онда Куба командасы екі гол соғып, Қазақстан құрамасы да екі рет дәл көздегенімен, жеңіс қарсыластарға бұйырды.
Осылайша, әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 22-орынға тұрақтады.