Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Испанияға жол берді.

Жапонияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі төртінші матчын өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қарсыласымыз Испания құрамасы болды. Ойын бойы испандықтар басымдық танытып, матч 16:43 есебімен олардың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы С тобында өткен төрт матчтың төртеуінде де жеңіліс тапты.

Келесі жазба
Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Сенегалға жол берді.
Алдыңғы жазба
Қазақстан гандболдан әлем чемпионатында үшінші жеңілісіне ұшырады.