15 мамыр күні сағат 12:00-де Алматы облысында әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының XXXIII маусымының Суперлига I турының салтанатты ашылуы өтті.
Алаңда «Қайсар-КГУ» (Қызылорда), «Астана», «Алтай Восток», Шымкенттік СКИВ, «Тұран» және «Алатау» командалары кездесті.
Ашылу салтанатына Қазақстан Гандбол Спорт Федерациялары Қауымдастығының президенті — Гүлнар Исмагұлқызы Түрлыханова, вице-президенттер мен жетекшілер:
Исаева Жібек Серікқызы,
Аманжол Нұрманұлы,
Дәулетбаев Мәлік Нұржақыпұлы,
Серкенов Қанат Бақытұлы қатысты.
Құрметті жаттықтырушы Л. Н. Яниев және федерация өкілдерімен бірге жаңа спорт маусымына ресми бастау берілді.
Алда — тартысты ойындар мен керемет эмоциялар!