Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан екінші кездесуінде жеңілді

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Біздің спортшылар Оңтүстік Кореямен кездесті. Ойын 30-20 есебімен қарсыластардың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, қазақстандық құрама алғашқы ойында Қытайды ұтқан болатын.

Біздің құрама Қытай, Оңтүстік Корея және Сингапур құрамалары бар А тобында өнер көрсетеді. Плей-офф кезеңіне екі команда шығады.

Келесі жазба
Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан Сингапурды жеңді
Алдыңғы жазба
Қазақстан әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионатын Қытайға қарсы жеңіспен бастады