Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадалық іріктеу турнирінде финалдық кездесуін өткізді

Дьер қаласында (Венгрия) гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу турнирі аясында соңғы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Біздің спортшылар Сербиядан келген қарсыластарына қарсы ойнады. Қазақстандық гандболшылар 30:42 есебімен жеңіліске ұшырады.

Осылайша команда үш кездесуде жеңіліс тапты. Бұған дейін Ресей және Венгрия құрамаларымен өткен матчтарда жеңіліп қалған.

Жарыс қорытындысы бойынша лицензияларды ресейлік және венгриялық әйелдер жеңіп алғанын қосамыз.

Келесі жазба
Гандболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында Нұр-Сұлтан командасы жеңіске жетті
Алдыңғы жазба
Әйелдер гандболынан Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан Ресейге жол берді.