20 шілдеде Бейрут қаласында 20 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы 15-ші Азия чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы континенттік біріншілік аясында екі матч өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бірінші ойында біздің қыздар Қытай құрамасымен кездесті. Матч 38:23 есебімен Қытай командасының пайдасына аяқталды.
Группалық кезеңдегі екінші матчта Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен ойнады. Бұл ойында біздің команда 44:18 есебімен жеңіліс тапты.
25 шілдеде біздің қыздар Тайбэй құрамасымен кездеседі.