Гандбол бойынша Азия чемпионаты: Қазақстандық гандболшы қыздар жартылай финалда жеңіліс тапты

Үндістанның Джайпур қаласында 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Жартылай финалда біздің қыздар қарсыластарына жол берді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Финалға шығу үшін өткен кездесуде біздің қыздар Оңтүстік Корея құрамасына есе жіберді. Ойын 45:24 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Ертең, 30 тамызда, қазақстандық гандболшы қыздар құрлықтық біріншіліктің “қола” жүлдесі үшін матч өткізеді. Біздің команданың қарсыластары – Жапония құрамасы.

Келесі жазба
Қазақстанның әйелдер гандбол командасы Азия чемпионатында төртінші орын алды
Алдыңғы жазба
ЧА-2019 бойынша гандбол: Қазақстан құрамасының кезекті жеңісі