📍 Цзинганшань, Қытай
📅 21 шілде
📊 Есеп: 44 – 18
Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер қыздар құрамасы Азия чемпионатының алдын ала кезеңін жарқын жеңіспен аяқтады.
Гонконгпен болған кездесуде біздің қыздар 44:18 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Команда басынан-ақ ойынды бақылауға алып, сенімді әрі ұйымшыл ойын көрсетті.
Бұл жеңіс — дайындықтың, тәжірибе мен мінездің жемісі болды.
Ең бастысы — бұл чемпионат 2026 жылы өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі болды, және біз сол әлемдік додаға жолдама алдық.
Бұл — үлкен қуаныш, мақтаныш және жаңа белестерге бастар жеңіс.
📌 22 шілде — демалыс күні.
Келесі матч 23 шілде күні сағат 13:00-де (ҚР уақытымен) өтеді.
Матч кестесі мен тікелей эфир сілтемесі — біздің сайтта.