Азия чемпионаты (ЧА) гандболдан: Қазақстанның әйелдер құрамасы Корея командасына жол берді.

Амманда (Иордания) осы күндері әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнирге Қазақстан құрамасы да қатысуда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Топтық кезеңдегі матчта қазақстандық гандболшылар Оңтүстік Корея құрамасына 20:40 (9:21, 11:19) есебімен жол берді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын 31:28 есебімен жеңген болатын.

Келесі жазба
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Жапониядан жеңілді
Алдыңғы жазба
Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында үшінші рет жеңіске жетті