Азия чемпионаты: Қазақстандық гандболшы қыздар жартылай финалға шықты

Үндістанның Джайпур қаласында осы күндері 18 жасқа дейінгі қыздар арасында гандболдан Азия чемпионаты өтуде. Қазақстандық спортшылар жарыстың жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жартылай финалға шығу үшін өткен кездесуде біздің қыздар Моңғолия құрамасымен ойнады. Матч Қазақстан құрамасының пайдасына 10-48 есебімен аяқталды.

Ертең, 28 тамызда, біздің команда Корея құрамасымен жартылай финалдық матч өткізеді.

Келесі жазба
Қазақстан Республикасы бойынша гандболдан әйелдер командалары арасында VI жасөспірімдер спорттық ойындарының өткізілуі
Алдыңғы жазба
Ұлттық мектеп лигасында гандболдан жарыстар өткізу