📍 Цзинганшань, Қытай
📅 26 шілде
📊 Қазақстан – Корея: 21 – 30
26 шілдеде Азия чемпионатының соңғы, алтыншы ойын күні өтті. Қазақстан құрамасы қола медаль үшін Кореямен кездесті. Қарсылас мықты болғанына қарамастан, біздің қыздар соңына дейін жанкештілік танытып, нағыз күресті көрсетті.
Бұл жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы құрлықтың үздік төрттігіне еніп, 2026 жылғы 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.
Бұл — үлкен жетістіктің бастауы.
Біз сендермен мақтанамыз, қыздар.
Жаңа белестерге бірге қадам басамыз.