Қазақстанның әйелдер гандбол құрамасы Қытайда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Біздің спортшыларға қарсы алаңға Оңтүстік Корея құрамасы шықты. Командалар тартысты матч өткізді, онда жеңімпазды бірнеше ұпай ғана анықтады.
Ойын барысында дәлірек ойнаған кореялықтар 25:29 есебімен Қазақстан құрамасын жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Гонконг құрамасын жеңген болатын.