Қазір Испанияда гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы жарыстың бірінші күнінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық гандболшылар Норвегия құрамасынан келген қарсыластарынан 46:18 есебімен жеңіліп қалды.
С тобындағы келесі кездесуде қазақстандық гандболшылар Румыниядан келген қарсыластарына қарсы ойнайды. Қазақстан – Румыния кездесуі 5 желтоқсаннан 6 желтоқсанға қараған түні өтеді.