Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдені сарапқа салады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Біздің спортшылар турнирдің жартылай финалына шықты. Бұл турда қазақстандықтар Жапониядан 23-30 есебімен ұтылды.
Енді Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін күш сынасады. Жартылай финалда Оңтүстік Кореядан жеңілген Иран да медальға таласуда.
Айта кетейік, кездесу 10 желтоқсанда өтеді.