Испанияда қазір әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионаты өтуде. Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясында тағы бір кездесу өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Келесі кездесуде қазақстандықтар Голландия құрамасымен кездесті. Кездесу 15:61 есебімен голландиялық гандболшылардың пайдасына аяқталды.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының негізгі айналымындағы соңғы кездесуін Пуэрто-Рико құрамасына қарсы өткізеді. Матч 13 желтоқсанда өтеді.