Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – біздің көпұлтты еліміздегі татулық пен ынтымақтың айқын белгісі. Бірлік пен келісім – еліміздің дамуы мен болашағының басты негізі. Біз бір-бірімізді қолдап, бір мақсат жолында бірігіп, алға жылжуымыз керек.
Спорт – тек жарыс қана емес, ол адамдарды біріктіретін үлкен күш. Гандболдағыдай, өмірде де біз бір команда болып, ортақ жеңістерге жетуіміз қажет.
Баршаңызға денсаулық, бақыт және әр отбасына татулық пен амандық тілеймін! Бірлігіміз нығая берсін!
Ізгі ниетпен,
Қазақстан гандбол федерациясының президенті
Турлыханова Гүлнара Исмағұлқызы