16-22 маусым аралығында Алматыда құрлықтық деңгейдегі маңызды спорттық оқиға өтеді. Бұл жолы оңтүстік астана жылдың басты гандбол жарыстарының бірі – 4th Asian Women’s Club League Championship турнирін қабылдайды.
Жыл сайын өтетін турнир «Достық» әмбебап спорт кешенінде ұйымдастырылады. Биыл жарысқа төрт әйелдер клубтық командасы қатысады: «Алматы» (Қазақстан, Алматы), «Қайсар-КАМ-КГУ» (Қазақстан, Қызылорда), АГМК (Өзбекстан) және 4.25 Club (Солтүстік Корея). Турнир жеңімпазы Азия құрлығын әйгілі әлемдік Women’s Super Globe турнирінде (Қытай, 2019 жылдың тамызы) таныстыру мүмкіндігіне ие болады.
Бұл турнир елімізде гандболды дамытуға, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының Азия чемпионатына (Қытай, Чужоу, қыркүйек 2019) дайындалуына көмектесуге бағытталған. Команданың басты мақсаты – Токио-2020 Олимпиадасына жолдама алу.
Айта кету керек, Азиаттық гандбол федерациясы Қазақстанның халықаралық турнирлерді жоғары деңгейде ұйымдастыру тәжірибесін ескере отырып, осындай маңызды жарысты өткізу құқығын «Қазақстан гандбол федерациясы» РҚБ-на сеніп тапсырды. 4-ші Азия клубтық чемпионатының техникалық делегаты ретінде Азиаттық гандбол федерациясының атынан Гүлнар Турлыханова тағайындалды. Сонымен қатар, жарыстарды қадағалау үшін Азиаттық гандбол федерациясының төрешілік және ойын ережелері комитетінің басшысы Салех Бин Ашур келеді.
Турнир матчтарының кестесі мен уақыты:
16 маусым:
15:00 АГМК (Өзбекстан) – «Қайсар-КАМ-КГУ» (Қазақстан, Қызылорда)
17:00 4.25 Club (Солтүстік Корея) – «Алматы» (Қазақстан, Алматы)
17 маусым:
15:00 4.25 Club (Солтүстік Корея) – «Қайсар-КАМ-КГУ» (Қазақстан, Қызылорда)
17:00 АГМК (Өзбекстан) – «Алматы» (Қазақстан, Алматы)
18 маусым:
15:00 АГМК (Өзбекстан) – 4.25 Club (Солтүстік Корея)
17:00 «Алматы» (Қазақстан, Алматы) – «Қайсар-КАМ-КГУ» (Қазақстан, Қызылорда)
20 маусым:
15:00 «Қайсар-КАМ-КГУ» (Қазақстан, Қызылорда) – АГМК (Өзбекстан)
17:00 «Алматы» (Қазақстан, Алматы) – 4.25 Club (Солтүстік Корея)
21 маусым:
15:00 «Қайсар-КАМ-КГУ» (Қазақстан, Қызылорда) – 4.25 Club (Солтүстік Корея)
17:00 «Алматы» (Қазақстан, Алматы) – АГМК (Өзбекстан)
22 маусым:
13:00 4.25 Club (Солтүстік Корея) – АГМК (Өзбекстан)
15:00 «Қайсар-КАМ-КГУ» (Қазақстан, Қызылорда) – «Алматы» (Қазақстан, Алматы)
Турнирдің ашылу рәсімі 16 маусымда сағат 13:30-да өтеді, ал алғашқы матчтар 16 маусым күні сағат 15:00-де басталады.