Қазақстан Республикасының гандбол спорт федерациялары қауымдастығы 2025 жылы кәсіби қызметпен айналысуға рұқсат алып, аттестациядан сәтті өткен жаттықтырушылар мен төрешілердің ресми тізімін орналастырғанын хабарлайды.
Өткізілген рәсімнің нәтижелері бойынша аталған тізімге енген мамандар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растады. Барлық аттестатталғандарға жеке куәлік беріледі. Жеке куәліктер ағымдағы жарыстар барысында табысталатын болады.
Аттестатталған жаттықтырушылар мен төрешілердің толық тізімімен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады:
Аттестатталған жаттықтырушылар мен төрешілер тізімі
Келесі аттестациялау рәсімі 2025 жылғы 19 желтоқсанға жоспарланған.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда info@kz-handball.kz
электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.

