Қазақстанның жасөспірімдер қыздар құрамасы Өзбекстан астанасы – Ташкентке келіп жетті. Бүгін 18-ші Азия әйелдер арасындағы жастар (U19) гандбол чемпионатының алғашқы ойын күні өтеді. Жарыс 2025 жылғы 20–29 тамыз аралығында Alpomish Ice Palace аренасында өтуде.
Бұл чемпионат тек Азия додасы ғана емес, сонымен қатар 2026 жылғы Әлем чемпионатына (U20) іріктеу кезеңі болып табылады. Үздік төрт команда әлемдік додаға жолдама алады.
Топтық кезең:
• A тобы: Өзбекстан, Қытай, Қытай Тайбэйі, Гонконг–Қытай, Үндістан
• B тобы: Корея, Жапония, Иран, Қазақстан, Қырғызстан
📅 Бүгінгі ойындар (20 тамыз):
• Қырғызстан – Корея 5:69
• Гонконг–Қытай – Қытай 11:32
• 16:00 | Қазақстан – Жапония
• 18:00 | Үндістан – Өзбекстан
Тікелей трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады: Shoxrux Turdiyev – YouTube
Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз!
Серіктес – «Sport Qory» спортты қолдау қоры.

