Жарыстар Қытайдың Цзинганшань қаласында өтіп жатыр және 2026 жылғы қыздар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып табылады.
Қазақстанның ұлттық құрамасы мен бапкерлер штабы жарыс өтетін жерде орналасып, алғашқы ойындарға дайындықты аяқтап жатыр. Жаттығу барысынан, нұсқаулық берілген сәттер мен спорттық форманың таратылуынан кадрлармен бөлісіп отырмыз.
Бұл – халықаралық аренаға шығар алдындағы командалық ауызбіршілік пен дайындықтың маңызды кезеңі.
Бүгін, 18 шілде күні сағат 13:00-де (Қазақстан уақытымен) ұлттық құрамамыз Chinese Taipei командасына қарсы алғашқы ойынын өткізеді.
Матчтардың толық кестесі мен тікелей трансляция сілтемесі
Ұлттық құрамаға сәттілік және халықаралық аренада табысты өнер көрсету тілейміз.