2025 жылғы III Азия жасөспірімдер ойындарының қатысушылары үшін міндетті антидопингтік оқу

2025 жылы Бахрейнде өтетін III Азия жасөспірімдер ойындары қарсаңында барлық спортшылар мен жаттықтырушылар міндетті түрде антидопингтік оқудан өтіп, сертификат алуы тиіс. Бұл талап Азия Олимпиада кеңесі тарапынан адал спорт қағидаттарын қолдау және қатысушыларды халықаралық жарыстарға дайындау мақсатында енгізілген.
Спортшылар үшін онлайн-курс: ADEL – Talented Athletes going for Major Events (TAME)
https://adel.wada-ama.org/learn/catalog/view/44
Жаттықтырушылар мен команданы ертіп жүретін мамандар үшін курс: High Performance Coach (HPCP)
https://adel.wada-ama.org/learn/catalog/view/47
Курсты аяқтаған соң қатысушыларға сертификат беріледі, оны Ойындарға тіркелу кезінде ұсыну қажет.
Оқуды онлайн түрде өздігінен немесе ұйымдастырылған семинарлар аясында өтуге болады. Толық ақпарат пен тіркелу үшін: https://adel.wada-ama.org
Оқуды ұйымдастыру мәселелері бойынша Білім беру жұмысы орталығының маманы, PhD Г. Жұмабаеваға +7 708 914 61 54 нөмірі арқылы (WhatsApp қолжетімді) хабарласуға болады.

Келесі жазба
Қазақстан гандбол спорт федерацияларының қауымдастығынан ұсыныс
Алдыңғы жазба
Дене шынықтыру күнімен құттықтау