2021 жылғы ерлер арасындағы гандболдан әлем чемпионатына қатысатын 30 команда анықталды

Халықаралық гандбол федерациясы (IHF) 2021 жылғы ерлер арасындағы әлем чемпионатына wild card иегерлерін анықтады, осылайша алдағы турнирдің барлық дерлік қатысушылары белгілі болды.

Еске сала кетейік, әлем чемпионаты 13-31 қаңтар аралығында Мысырда өтеді.

Жақында IHF әлем чемпионатына wild card арқылы қатысатын командаларды анықтады. Арнайы шақырту екі командаға берілді: Польша мен Ресей.

Жалпы, турнирде 32 команда бақ сынайды. Қазіргі уақытта 30 команда белгілі. Қалған екі команда Солтүстік Америка және Кариб бассейні гандбол конфедерациясының, сондай-ақ Оңтүстік және Орталық Америка гандбол конфедерациясының іріктеу турнирінен кейін анықталады.

Өкінішке қарай, Қазақстан бұл турнирге жолдама ала алмады.

Әлем чемпионатына қатысушылар:

Турнир иесі: Мысыр
Әлем чемпионы: Дания
Африка: Алжир, Ангола, Кабо-Верде, ДР Конго, Марокко, Тунис
Азия: Бахрейн, Жапония, Катар, Оңтүстік Корея
Еуропа: Австрия, Беларусь, Хорватия, Чехия, Франция, Германия, Венгрия, Исландия, Норвегия, Португалия, Испания, Словения, Швеция
Оңтүстік және Орталық Америка: Аргентина, Бразилия, Уругвай
Wild card: Польша, Ресей

Келесі жазба
Гандболдан әйелдер арасындағы 2020 жылғы Азия чемпионаты 2021 жылғы әлем чемпионатына жолдама береді.
Алдыңғы жазба
Қазақстанның әйелдер гандбол құрамасы Венгрияда Олимпиада жолдамалары үшін күреседі.