Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Иорданияда әйелдер арасындағы гандболдан құрлық біріншілігі аяқталды.
Қазақстан құрамасы Иран құрамасымен қола жүлдені сарапқа салды. Кездесу 38:33 есебімен қазақстандық спортшылардың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Жапониядан 24:38, Иран Оңтүстік Кореядан 24:38 есебімен ұтылды.
Азия чемпионатының алтыны Оңтүстік Корея құрамасына бұйырды. Жапония құрамасы да өз қоржынына күміс медаль қосты.